ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ

lat: DARALYQ PsıhologıaSY

адамдардың даралық психологиялық және қылықтық айырмашылықтарын сипаттайтын, түсіндіретін және зерттейтін психология ғылымының саласы. Даралық психологиясы фрейдизмнен тармақталған, А.Адлер талдап-белгілеген психоанализ бағыттарының бірі. Даралық психология тұлғаның құрылымы ерекше «өмір стилі» бес жасқа дейінгі бала кезден негізі қаланады дегенді негізге алады. Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл дамуын анықтайды. Өзінің дене мүшелері жете дамымағандығы себепті балада кемсіну сезімі болады, оның оны ескеріп, өзін-өзі көрсету әрекетінде мақсат қалыптасады. Бұл мақсат шынайы болса, тұлға дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, неврозды, әлеуметтікке қарсы болып қалыптасады. Ерте жаста туа біткен әлеуметтік сезім мен толыспағандық сезімі арасында қақтығыс пайда болып, өтем және астамдық өтем механизмдерін іске қосады. Осыдан барып жеке билік жүргізуге, басқалардан үстем болуға тырысушылық, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылық нормаларынан ауытқушылық туындайды. Психотерапияның міндеті невроздық субъекттің өз мақсаттары мен түрткілерінің болмысқа сай емес екенін ұғынуына көмектесу, өзінің толыспағандығының есесін өтеуге тырысуы шығармашылыққа бағытталуына бағдарлау. Даралық психология идеялары көптеген елдерде тұлға психологиясында ғана емес, әлеуметтік психологияда да тарап, топтық терапия әдістерінде пайдаланылды. Даралық психология неофрейдизмді жақтаушыларға ықпал етті. Даралық психологияның әдістемелік шектеулігі, ең алдымен, психикалық дамудың күн ілгері мәлімдігі туралы тұжырымдаманы қорғайды; бұл даму телеологиялық тұрғыда әу бастан терең негізделген мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады. Даралық, жекелік, өзіндік қасиет (бір адамды басқа адамнан айырмашылығын көрсететін қасиеттер жиынтығы); Адамның индивидтік қасиеттерінің өзіндік бейнесі бар, басқа адамдардан ерекшелігі. Даралық психология қазіргі кездегі бір тармағы даралық психотерапия практикалық психология мен психотерапияның аумағы; әр клиентпен психологтің (психотерапевтің) жеке жұмыс жүргізуіне арналған психотерапиялық (психокорреакциялық) әдістердің жүйесі. Келесі тармағы дифференциалдық диагностика әртүрлі іс-әрекеттер мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып білу.